Нұр-Сұлтан қаласында «ЭкоАсар» жобасы жалғасады.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған бұл жобаның екінші кезеңі «ЭкоАсар-2.Пластик» деп аталады. Біздің, №83 мектеп-гимназиясы да бұл жобаға қатысады. Мұғалімдер мен оқушылардан бөлек, ата-аналар жобамызға қолдау көрсетеді деген сенімдеміз.
Толығырақ03.11.2020 в 13:25 Пікір жоқ 655 қаралды
"Гринэйки" ертегісі сахналанды.
Нұр-Сұлтан қаласының №83 мектеп-гимназиясы қоғамдық өмірге белсене араласады. Соның ішінде, қоршаған орта туралы іс-шараларды назардан тыс қалдырмаймыз. Осының бір дәлелі, биыл мектебіміз "Қазақстандағы экологиялық білім берудегі үздік ұйым" атауын иеленді. Сонымен қатар, мектебімізде 6 қазан 2020 жылы "Гринэйки" ертегісі сахналанды.
Толығырақ06.10.2020 в 15:14 Пікір жоқ 732 қаралды
Құрметті қазақстандықтар, бүгінгі қоршаған ортаны қорғау күні мерекесі құтты болсын!
Адамзаттың ең басты денсаулығының кепілі - таза ауа, таза су, жасыл желектер екенін ұмытпауға шақырамыз.
Толығырақ03.10.2020 в 17:14 Пікір жоқ 716 қаралды
«Қауіпсіз мектеп» атты Республикалық науқаны өтуде
№ 83 мектеп-гимназиясында 2020 жылдың 10 тамызымен 25 қыркүйегі аралығында Нұр-Сұлтан қаласы «Білім басқармасының» бастауымен «Қауіпсіз мектеп» атты Республикалық науқаны өтуде.
Толығырақ22.09.2020 в 15:59 Пікір жоқ 711 қаралды
"Әлемді ағылшын тілі арқылы тану"
21.09.2021 күні ағылшын тілі бірлестігі мұғалімдері тілдер мерекесіне орай "Әлемді ағылшын тілі арқылы тану" атты онлайн конференция өткізді
Толығырақ21.09.2020 в 10:00 Пікір жоқ 818 қаралды
"Тіл - бірлік, достық, махаббат көпірі"
21.09.2020ж Нұр-Сұлтан қаласының №83 мектеп-гимназиясында "Тіл - бірлік, достық, махаббат көпірі" атты онлайн форматта іс-шара болып өтті.
Толығырақ21.09.2020 в 09:00 Пікір жоқ 561 қаралды
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
№83 мектеп-гимназиясында 18 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиет бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты онлайн іс-шара өтті.
Толығырақ18.09.2020 в 12:00 Пікір жоқ 725 қаралды
«ЖЕМҚОРЛЫҚҚА- ҚАРСЫМЫЗ» АТТЫ ТАҚЫРЫПТА АҚПАРАТТЫҚ ДӘРІС
18.09.2020 жылы мектептің әдеп және жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы барысында сынып жетекшілермен онлайн жиын өткізілді.
Толығырақ17.09.2020 в 15:00 Пікір жоқ 520 қаралды
«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» мәнерлеп оқу сайысы
Тілдер мерекесі аясында 14 қыркүйектен бері көптеген іс-шаралар атқарылуда. Қазақ тілінің мәртебесін асқақтату мақсатында 16 қыркүйек күні онлайн түрде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері – Жырымбаева Мархаба Ахметқызы, Мейрамгүл Қалиханқызының ұйымдастыруымен қазақ-орыс сыныптары арасында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Толығырақ16.09.2020 в 15:31 Пікір жоқ 964 қаралды
«Қылқалам» ақындар клубының жас ақындары өздерінің қара сөзден өрген өлең шумақтарын ұсынды
Осы орайда Халықаралық тілдер мерекесі апталығы барысында қазақ тілі мен әдебиет пәні ұстаздары Сәуле Бөкейхан және Ғылым Сергүлдің ұйымдастыруымен мектебіміздегі «Қылқалам» ақындар клубының мүшелері жас ақындар өздерінің қара сөзден өрген өлең шумақтарын назарға ұсынды.
Толығырақ15.09.2020 в 12:55 Пікір жоқ 617 қаралды


